|
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Шал ақын ауданының білім бөлімі» КММ «Өркен» өнер мектебі» КММ
КГУ «Школа искусств «Өркен» КГУ «Отдел образования района Шал акына» КГУ «Управление образования акимата Северо-Казахстанской области»
|
|
|---|
Жаңалықтар
|
24
Маусым
2025
|
"8 Наурыз" - жасына қарамастан Халықаралық әйелдер мерекесі. 8 Наурыз көктемнің, әйел сұлулығының және әйелдерге ерекше көңіл бөлетін күн.
Біздің өнер мектебінің оқушылары көрмеге қойған жұмыстарында суреттер мен гүлдерді жасау кезінде түрлі әдістер мен техникалар қолданып біріктірді. Жас суретшілер бар өнерлерін салып, тамаша мерекелік, мейірімді, тамаша көрме жасады. Балалар өте жағымды әсер қалдырды.
|
24
Маусым
2025
|
Бүгін наурыздың 4 күні, өнер мектебінде облыстық "Приишимья жұлдыздары" жас вокалистер байқауының аудандық іріктеу кезеңі өтті. Вокалдық сайысқа Шал ақын ауданының бірнеше мектептерінің оқушылары қатысты. Байқау жас өнерпаздардың талантын, өнерге деген құштарлығын паш еткен жарқын оқиға болды. Қатысушылар түрлі музыкалық нөмірлерді орындап, шығармашылық пен шабыт атмосферасын тудырды. Әділ қазылар алқасы орындаушылардың өнерлерін жоғары бағалап, олардың ең үздік дегендері ауданымыздың намысын байқаудың келесі кезеңінде қорғайтын болады.
|
14
Мамыр
2025
|
Алғыс айту күні қарсаңында өнер мектебінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың қатысуымен "Алғыс айтуға шек жоқ" суреттерімен ҚҚӨ жұмыстарының көрмесі өтті.
|
14
Мамыр
2025
|
Ақпанның 21-і күні Петропавл қаласында "Дебют" жас пианистер байқауы өтті. Біздің мектебіміздің фортепиано бөлімінің оқушылары Абетова Адия (сынып педагогы Сапожникова Н.В.) және Полина Михайленко (сынып педагогы Вьюхова С.А.) қатысты.Абетова Адия Милан Дворжактың "Джазовый этюд-2" орындап ІІ дәрежелі Дипломымен марапатталды. Михайленко Полина Рольф Ловландттың "Песни таинственного сада" пьесасын ойнап ІІІ дәрежелі Дипломымен марапатталды.
Байқауға бару қызықты және жарқын болып, жас пианистер мен олардың оқытушылары көптеген жағымды эмоцияларға ие болды.
Қосымша білім беру педагогтарының құзыреттілігін арттыру мақсатында әдістемелік жұмыс жоспары шеңберінде, сонымен қатар оқушылардың шығармашылық және танымдық белсенділігін дамыту мақсатында 2025 жылдың 17-21 ақпан аралығында"Өркен" өнер мектебінде топтық пәндердің Әдістемелік Бірлестігі педагогтарының ащық сабақтар апталығы өткізілді. Апта бойы педагогтер өз шеберліктерін көрсете білді, ал оқушылар "Сольфеджио" , "Сурет", "Сәндік - қолданбалы өнер" , "Ритмика", және "Классикалық би" сияқты пәндер бойынша шығармашылық қабілеттерін, танымдық қызығушылығын, дағдыларын көрсете білді. Барлығына қызықты болып өтті.



