|
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Шал ақын ауданының білім бөлімі» КММ «Өркен» өнер мектебі» КММ
КГУ «Школа искусств «Өркен» КГУ «Отдел образования района Шал акына» КГУ «Управление образования акимата Северо-Казахстанской области»
|
|
|---|
Жаңалықтар
|
11
Наурыз
2024
|
"Өркен" өнер мектебінде наурыз мерекесіне арналған іс-шара мерекелік көңіл күй мен әсерлі болып өтті. Мереке бойы қуанышты атмосфера, көңілді күй, жылулық пен мейірімділік сезініп тұрды. Қазақ халқының дәстүрі бойынша іс шарада домбырамен күй ойнап, би билеп, әндер шырқалып, балалар қазақтың ұлттық ойындарына белсенді қатысты.
|
10
Наурыз
2024
|
10 наурыз күні Петропавл қаласында өткен "Dance mania" Халықаралық байқауында иеленген жүлделі орындарымен құттықтаймыз. "Жемчужина" ұжымы Кособокова Анастасия Юрьевнаның жетекшілігімен екі жас санатындағы сайыстық нөмірлерін ұсынды. Лайықты өнер көрсетіп, біздің сайыскерлер жеңіспен оралды.
|
7
Наурыз
2024
|
Тамаша көктем мерекесі қарсаңында Өркен өнер мектебінің акт залында Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті. Барлық музыкалық бөлімдердің оқушылары қызықты концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Жас музыканттар оқырман қойылымдары, вокалдық нөмірлер мен би композицияларды, концерттің барлық көрермендеріне мерекенің жылы атмосферасын және көптеген жағымды әсер сыйлады.
Наурыздың 6 күні "Қаратал ОМ" КММ робототехникадан бірінші аудандық фестивалі өтті.
Мектебіміздің үйірме тәрбиеленушілерін жүлделі орындарымен құттықтаймыз!
|
5
Наурыз
2024
|
"Өркен" өнер мектебінде "Болашақ" қазақ мәдени орталығында алғыс айту күніне арналған "Алғыс айтамын" атты қайырымдылық акциясы өтті.



