Бүгін біздің "Өркен" өнер мектебінде маңызды іс — шаралар терроризмге қарсы жоспардан тыс жаттығулар өтті. Біз әрқашан тәрбиеленушілеріміз бен қызметкерлеріміздің қауіпсіздігін бірінші орынға қоямыз.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты төтенше жағдай туындаған кезде іс-қимыл дағдыларын пысықтау болды. Тренинг барысында қызметкерлер мен оқушылардың тез және дұрыс жауап беруге дайындығын тексеру үшін әртүрлі сценарийлер жасалды






